Қала тіршілігі

АСТАНА АРУЛАРЫ АЛДА

Астанада әйелдер боксынан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Он салмақ дәрежесінде өткен ел  біріншілігінде Астана қаласының құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Елорданың бұрымды боксшылары үш алтын, екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, 57 келі салмақта сынға түскен Сәния Сұлтанқызы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, 69 келі салмақта Валентина Хальзова жеңімпаз атанды. Ал ең ауыр салмақта, яғни, 81+ келі бойынша өткен жекпе-жектер барысында Ләззат Күйгенбаева барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтты.

Осы біріншілік кезінде әлем чемпионы Назым Қызайбай жаңа салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда негізгі қарсыласы Жайна Шекербекованы тізе бүктірді.

Қазақстан чемпиондары мамыр айында Астанада өтетін әлем чемпионатында ел намысын қор­ғайды. Бұл байрақты бәсекеде Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия да үлестірілетін болады.

astana-akshamy.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button