ЖаңалықтарҚала тіршілігі

АСТАНАНЫҢ «АҚЫЛДЫ ЖОБАЛАРЫ»

Назарбаев университетінде «Стартап уик-энд» шарасы аясында елорда басшылығына 12 смарт-жоба таныс­тырылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

image

Мәселен, 24 жасар инженер-химик Ғалым Бәйтімбетов өзінің «Aqua Point» компаниясы әзірлеген технологияны ұсынды. Бұл – сапалы ауызсуы бар аппараттар. Адамдар жиі баратын орындар – сауда үйлерінде, мектептерде, университеттерде осындай құрылғыларды орнату бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді. «Біздің құрылғының ерекшелігі – Қазақстанда мұндай аппараттар жоқ, бірақ әлемде бұл технология бар және тәжірибе жүзінде халық үшін тиімділігі дәлелденген. Ол халыққа ауызсуды тегін береді және қоршаған ортаны пластик қалдықтармен ластау проблемасын шешеді және мектеп оқушыларын су тұтыну мәдениетіне баулиды. Бұл – қазақстандық өнім және ол шетелдік аналогтарынан арзанырақ» дейді Ғалым Бәйтімбетов.
Сонымен қатар, балалардың дамуына әсер ететін ойындар, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелі, амбулаториялық оңалту орталығы, білегі жоқ адамдарға арналған механикалық протез, ғимаратқа кілтсіз кіру, жас ғалымдардың әртүрлі тағы алты идеясы мен шешімі қала бас­шылығының қызығушылығын тудырды. Қала әкімі Әсет Исекешев стартапшыларға ойларын іске асыру үшін «Даму» желісі бойынша гранттарына қатысуды ұсынды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button