Жаңалықтар

ЖАС ТҰРҒЫНДАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Астанадағы Есіл ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 16-ға толған бір топ жасқа салтанатты жағдайда жеке куәлік табыс етті.

????????????????????????????????????

– Өмірімде жеке куәлікті осындай салтанатты жағдайда алғаш табыстап тұрмын, – деп бастаған аудан әкімі сөзін одан әрі жалғап кетті. – Бүгінгі күн сіздер үшін естеріңізден кетпейтін шуақты сәттеріңіздің бірі болмақ. Өйткені, сіздер 16 жасқа толып, жеке куәлікке ие болып отырсыздар. Бұл – үлкен құрмет! Алдарыңызда даңғыл жол жатыр. Оқуда да озат болып, өздеріңіз армандаған мамандықтың иесі атанып, еліміздің дамуына зор үлес қосады деп ойлаймын. Барлықтарыңызға ақ жол тілеймін, – деді аудан әкімі.
Игілікті шара барысында жеке куәлікке ие болған жастардың жүздері де бал-бұл жанып, қуаныштан толқып тұрғанын байқадық.
«Мен елордадағы №69 мектептің 11-сыныбында оқимын. Жеке куәлік алғаныма қатты қуанып тұрмын. Орта мектепті аяқтағаннан кейін өзім қалаған жоғары оқу орынға түсіп, болашақта ағыл­шын тілінің маманы болғым келеді. Әсіресе, аударма саласын ұнатамын. Туған елімнің дамуына тамшыдай болса да үлес қоссам деп армандаймын» дейді Зарина Рысбек деген қарындасымыз.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button