Елорда тынысы

Аула күні аталып өтті

Астана қаласы Байқоңыр ауданында Аула күні аталып өтті.

Аудандағы аула клубтары қызметінің негізгі міндеті – халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастарды бұқаралық спортқа, шығармашылық үйірмелерге тарту, өмірлік қажетті дағдыларға үйрету арқылы олардың өмір сүру сапасын арттыру. Осыған байланысты Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ұйымы мен Байқоңыр ауданы бойынша аула клубтарының тәрбиеленушілері үшін «Аула күні» жобасы шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Жоба аясында концерттік іс-шаралар мен жарыстар, оның ішінде: қазақша күрес, футболдан турнир, тоғызқұмалақ, арқан тарту, каратэ, армрестлинг және басқа да спорт түрлерінен сайыстар мен турнирлер өткізілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button