Қала мен Сала

Цифрландыру жобалары жүзеге асырылуда

Елорданың аудандары мен елді мекендерін сапалы байланыспен және интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс­тар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Даниал Айткенов пен «Astana Innovations» АҚ Цифрлық трансформация департаментінің директоры Жанат Маусымбаев мәлімдеді.

«Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Астана қаласын цифрландыру аясында іске асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндай келе, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» жарлығын және Астананы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсыр­маларды орындау мақсатында елорда әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің процестерін автоматтандыру жұмыс­тарының жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Бүгінгі күні 5 ұйым бойынша жұмыс істеп тұрған процестерге талдау жүргізілуде, оның ішінде 4 қалалық басқарманың, атап айтсақ, «Астана қаласының білім басқармасы» ММ, «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ, «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, «Астана қаласының Инвестиция­лар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ және «Астана Тазалық» ЖШС коммуналдық кәсіпорны, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің ағымдағы бизнес-процестерінің басымдығы қосымша айқындалуда. Сонымен қатар, осы жылы автоматтандыру жоспарланып отырған 100-ден кем емес процестердің алдын ала тізімі жасалып жатыр, – деді Даниал Айткенов.

Мәселен, білім басқармасының желісі бойынша автоматтандыруға жататын, электрондық түрде көрсетілмейтін немесе ішінара көрсетілетін бірқатар қызметтер, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдар анықталды. Жүргізілген жұмыс барысында енді мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық, медициналық, педагогикалық және консультациялық көмек көрсету және онлайн тексеру алуға болады. Автоматтандыру процестері аяқталғаннан кейін толық ақпарат жарияланады.

– Тіршілікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында елордада Іkomek109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, ол тұрғындарды толғандырған барлық мәселелердің 90 пайызына дейін жедел түрде қашықтан шешеді. Осы күнге дейін 10 миллион өтініш қаралды. Бүгінгі күні «Бірге» порталында өтініш берушілерге жұмыспен қамту басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар өздері үшін де, қамқорлықтағы адам үшін де көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға онлайн өтінім беру мүмкіндігі беріледі. АӘҚ көрсетуге жолдама беру, реабилитация қажет адамға куәлік беру, табиғи апат немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету түріндегі әлеуметтік көмек, санаторлық-курорттық емдеуге арналған шығындарды өтеу, санаторлық-курорттық емдеу түріндегі әлеуметтік көмек, коммуналдық қызметтерді төлеу, тұрғын үйді ұстау, телефон үшін абоненттік төлем түріндегі әлеуметтік көмек мемлекеттік қызметтері іске асырылды, – деді «Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Даниал Айткеновтың айтуынша, басқару және орталықтардың функциялары мен бизнес-процестері автоматтандырылған және шаблондалған. Орталықтардың барлық функциялары онлайн форматқа ауыстырылды, орталықтар ішіндегі және басқару мен орталықтар арасындағы қағаз құжат айналымы алынып тасталды. Ақпарат алмасу процестері цифрландырылды. Жұмыспен қамту басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар арасындағы байланыс жалғасуда.

– Қажетті оңалту орталығын көрсете отырып, арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға өтінім беру мүмкіндігі іске асырылды. Нақты уақыттағы басқару процестердің күйін бақылай алады. Деректер тұрақты негізде жаңартылып отырады. Көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін өңдеумен және оңалту орталықтарының талдамалық мәліметтерін жаңартумен Жұмыспен қамту басқармасының қызметкері жеке кабинетінде айналысады. Орталықтардың рейтингін бағалау сегіз бағыт бойынша көрсетілетін қызметтер негізінде жүргізілетін болады. Талдамалық деректер әрбір оңалту орталығының өтініш берушілерін бағалау бойынша да, көрсетілетін қызметтер саны бойынша да ақпаратты қамтиды және ағымдағы сәтте орталықтардағы көрсетілетін қызметті алушылардың саны бойынша ақпаратты көрсетеді, – деді спикер.

Елорда тұрғындарын сапалы интернетпен қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, 2022 жылы радиофобияға және ПИК/МИБ жалдау ақысының өсуіне байланысты елордадағы 40 операторлық базалық станция қайта қалпына келтірілді.

«Astana Innovations» АҚ Цифр­лық трансформация департаментінің директоры Жанат Маусымбаевтың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін тұрақты түрде ПИК/МИБ және проблемалық учаскелердің тұрғындарымен ұялы байланыс және мобильді интернет сапасы бойынша кездесу өткізіледі. Мысалы, жыл басынан бері тұрғындармен осындай 30 кездесу өткізілді.

Қазіргі уақытта 10 тұрғын үй кешені базалық станция орнатуға келісімін берді, 14 тұрғын үй кешенінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал 9 тұрғын үй кешені базалық станцияны орнатудан бас тартты.

Қаланың білім беру ұйымдарының зияткерлік дарынды оқушыларының зерттеу әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында жыл сайын STEM олимпиадасы өткізіледі. Бұл техникалық білім берудегі барлық соңғы жетістіктерді қамтитын инновациялық білім беру олимпиадасы: бағдарламалау, инженерлік робототехника және 3D модельдеу. STEM білім беруді танымал ету ғылыми-техникалық білімді нақты өмірде қолдануды және техникалық пәндерге қызығушылықты дамытуды білдіреді. Келесі жылы қалалық және халықаралық екі STEAM олимпиадасын өткізу жоспарланып отыр. Бұл олимпиаданы қала әкімдігі цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы, «Астана Innovations» АҚ STEM Академия­сымен бірлесіп және Astana it University қолдауымен өткізеді. Іс-шараға елорданың, облыстар мен қалалардың, сондай-ақ шет елдердің оқушылары қатысады. Мұндай олимпиадалар елордалық оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырады.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button