Сайлау - 2021

Доктринасы саяси тұғырнамаға айналды

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезінде қабылданған партияның жарғысындағы өзгерістерді Әділет министрлігі тіркеді.

Елбасы, партия лидері ­Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыр­масына сәйкес Жарғылық құжатқа партияның партияішілік сайлау – праймериз өткізу туралы нормасы енгізілді.
«Съезд қаулысымен партия жарғысының 2.4-тармағы енді мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылды: праймеризді – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидат етіп ұсынуға үміткерлерді алдын ала партия­ішілік іріктеуді өткізу». Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, съездің қаулысымен 2013 жылы қабылданған саяси доктрина «Nur Otan» партиясының саяси тұғырнамасына өзгертілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі 25 қарашада өтіп, оның барысында 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарлама қабылданған еді. Алғаш рет республикалық партияішілік сайлау форматында өткен «Nur Otan» партиясының праймеризіне 10 мыңнан астам кандидат қатысты. Оның қорытындысы бойынша 6253 адам «Nur Otan»-ның барлық деңгейдегі 216 мәслихатқа арналған партия­лық тізімдеріне енді. Осы орайда партияға 42 мыңнан астам жаңа жақтастар қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-еуі «Nur Otan» партиясының тізіміне енді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button