Сайлау - 2021

Қауіпті өнімдерді тұтынып жүрміз

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) тұрғындары денсаулығына қауіпті өнімдерді тұтынып жүр.

Жақында Қытай мамандары ЕАЭО елдерінен экспортталған соя майы мен рапстан генді модифицирленген ағзаларды тауып, өнімді шығарған елге шағым жіберген. Ал өнімге тексеру жүргізген бақылаушы орган Ресейдің – Чувашия, Ставрополь, Татарстан, Хабаров өлкесі, Нижегород, Волгоград, Тула облыстарында заң жүзінде тыйым салынғанына қарамастан соя майы мен рапсқа қосатын генді-модифицирленген өнімдердің өсірілетінін анықтаған.
Мұндай жаға ұстатарлық жаңалықты «Халық» партиясының төрағасы Айқын Қоңыров жария етті. «Құжаттарды тексеру нәтижесінде өнімдердің халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы декларацияның көпшілік бөлігі өтірік толтырылады екен. Сөйтсе, жалған декларациялар жалған зертханалардың хаттамалары негізінде, ешқандай міндетті зерттеулер жүргізілмей жасалатыны анықталды. «Россельхознадзор» мамандары: «Соя майы-ГМӨ және рапс-ГМӨ анықталғанын ескерсек, Ресейде бұдан басқа да ГМӨ-дақылдар өсірілуі мүмкін» деп мәлімдеді. Мұндай қауіпті тауарлар бізге де келіп жатқаны анық. Өйткені шекарамыз ашық. Демек, алдағы уақытта осындай денсаулыққа қауіпті өнімдерді тұтынамыз. Мұндай былық-шылыққа тосқауыл қою үшін біз Үкіметке арнаулы депутаттық сауал дайындап жатырмыз» деп жазды Айқын Қоңыров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button