Сайлау - 2021

ОСК «ADAL»-дың тізімін тіркеді

Белгілі кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері мен журналистер «ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізіміне енді.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына «АDAL» партиясынан үміткерлер тізімін тіркеді. «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңның 89-бабына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы «АDAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеуге қаулы шығарды.
Сондай-ақ ОСК сайлау бюллетеніне «АDAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің атауын енгізуге рұқсат берді. 2020 жылы 27 қарашада «ADAL» партиясы ОСК-ға Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға үміткерлерін ұсыну туралы құжаттары тапсырғаны мәлім. Үміткерлердің қорытынды тізіміне партияның 16 өкілі кірді, олар: Олжас Ордабаев – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы; Мақсат Толықбай – белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы; Алмасбек Садырбаев – «Шопан ата» Қазақстан қой өсірушілері ұлттық ассоциациясының төрағасы; Дәулет Мұқаев – тележурналист, қоғам қайраткері; Лаура Маликова – «Тәжірибелі экологтар қауымдастығының» төрайымы; Жигули Дайрабаев – «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті; Ардақ Назаров – белгілі спортшы, қоғам қайраткері; Ақмарал Бекмурзаева – экономист, кәсіпкер; Игорь Шацкий – қоғам қайраткері, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы сарапшы; Нұрлыбек Мәлелов – қаржыгер, мемлекет қайраткері, АӨК саласының сарапшысы, Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры; Алина Асқарова – бизнес білім саласын басқару бойынша сарапшы; Ләззат Чинкисбаева – «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрайымы; Ғани Абадан – партияның Алматы қаласындағы филиалының төрағасы; Серік Сұлтанғали – «ADAL» партиясының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері; Эльдар Жұмағазиев – қоғам қайраткері, бірқатар оқу, әлеуметтік жобалардың авторы, саясаттанушы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button