Сайлау - 2021

Малшылардың ­мәртебесін көтеру керек

Жамбыл облысында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өкілдері алқалы жиын өткізіп, маңызды мәселелер талқылады.

Жиын барысында партия облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ерболат Саурықов аймақта бал арасы шаруашылығын дамыту туралы бастама көтерді. Қазіргі күнде өңірдің әрбір аймағында жекелеген азаматтар осы шаруа­шылықпен айналысып жүргенмен, оларға басқарма тарапынан нақты қолдаулар жоқтығын тілге тиек етті. Ал облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев бұл мәселе енді қолға алынып жатқанын жеткізді. «Қазіргі уақытта 20 омарташыны оқытып жатырмыз. Жуырда ғана олардың басын қосатын бал арасы шаруашылығы қауымдастығы құрылды. Тіпті бір азамат осы мақсатта жоба қорғап, 5 млн теңге көлемінде грант жеңіп алды» деді Берік Болатұлы.
Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының өкілдері қант қызылшасының ұрығын шет елден қымбат бағамен алуға мәжбүр болып отырғанын айтты. Басқосуда мал шаруашылығын жүйелі дамыту тетіктеріндегі кейбір мәселелер, соның ішінде малшылардың мәртебесін көтеру туралы ұсыныс айтылды.
Жиынды қорытындылаған «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов ел экономикасын көтеру үшін ауылды, елді мекендерді дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button