Сайлау - 2021

Кәсіпорын жұмысымен танысты

Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Ақ жол» партиясының өкілдері Алматыдағы «Темірбетон-1» кәсіпорнының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында аталған серіктестіктің бас директоры Асқар Бискультанов кәсіпорын тарихымен, өндірісті ұйымдастыру барысымен таныстырды. 1954 жылы салынған бұл өндіріс орны бүгінде жоғары сапалы өнім шығарып, 400-дей адамды жұмыспен қамтып отыр. «Темірбетон-1» бұ­йымдары мен тауарлық бетонның барлық өнімдері сапа жағынан қатаң бақылаудан өтеді. Кездесу барысында жұмысшылар «ақжолдықтарға» өздерін мазалап жүрген бірқатар мәселелерді айтты. Атап айтқанда, олар қалада тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген, осы кәсіпорында жұмыс істейтіндердің әлеуметтік қолжетімді пәтер алу үшін кезекке тұра алмауы, ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылардың зейнетке шығу жасын 60-қа түсіру, зейнетақы қорларында жиналған зейнетақыны толық алу, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған жаңа госпиталь салу, мектеп оқушыларының қашықтан оқу сапасына қатысты мәселелерді көтерді.
«Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев қала кәсіпорнында жұмыс істеп, қала бюджетіне салық төлеп отыр­ған жұмысшыларды тұрғылықты жерге тіркелмегені үшін әлеуметтік пәтер алуға тіркемеуін қате деп санайтынын және осы мәселе алдағы уақытта міндетті түрде шешімін табатынын айтты. Сонымен қатар ол Үкімет әлеуметтік көмек беруді тек көпбалалы отбасылармен шектемей, жалпы қазақстандық әрбір отбасына барынша жағдай жасауы тиіс екенін жеткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button