Жаңалықтар

ЕЛОРДАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ МЕКЕМЕЛЕРІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАП ЕРЕКШЕ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕДІ

Мектеп демалысы кезінде елордалық мәдениет мекемелері оқушыларға арнап ерекше бағдарлама әзірлеп отыр. Астаналық цирк, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық драма театры, сондай-ақ, Астана қаласының Қуыршақ театры каникулға орай өз репертуарларын түзетті.

madeniet

М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық драма театры 5 қарашада сағат 18:00-де оқушыларды қазақ халқының батырлар жыры – «Алпамыс» эпосының желісімен қойылған «Дала аңызы» әфсанасының премьерасына шақырады. Батырлық эпос қазақстандықтардың жас буынын патриоттық тәрбиелеу және Отанын қорғауға дайындық мақсатында репертуарға енгізілді. Қойылымды 6 қарашада сағат 18:00 де тамашалауға болады.

Сондай-ақ, 6 қарашада сағат 11:00-де театрда С. Астраханцевтың «Братец Лис и Братец Кролик» ертегісінің қойылымы өтеді.

5-6 қарашада сағат 12:00-де және 14:00-де Астана қаласының Қуыршақ театрында (Республика даңғ., 3) балет жанрындағы «Менің салған суретім» («Это я нарисовал») спектаклі көрсетіледі. Қойылымда жер бетіндегі тірі жандардың пайда болуы туралы әңгімеленеді.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button