Жаңалықтар

Астана әкімдігі қамаудан босағандарды елорда аумағынан тыс шығару туралы мәселені түсіндірді

«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында елорда әкімдігі сарапшы топтың қарауына ЕЦ-166/10 қатаң тартіптегі колониядан және ЕЦ-166/5 айрықша тәртіптегі колониядан босап шыққан тұлғалар үшін елорда аумағына кіруге уақытша тыйым салу туралы ұсыныс енгізілген болатын. Бұл туралы бүгін журналистермен кездесуде Астана қ. әкімінің орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.
turme

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, оның шеңберінде Андрей Лукин жоғарыда аталған ұсынысты жариялаған. Алайда бірқатар БАҚ ақпаратты бұрыс беріп, аталған тыйым бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан барлық тұлғаларға қатысты қолданылады деп хабар таратты.

«Екі мекемеде 1 қаңтардан бастап 380-ге жуық адамды бостандыққа шығаруға дайындық жүргізіліп жатыр, бұл – кісі өлтіру, зорлау, қарақшылық шабуыл және есірткі заттарын заңсыз жасау сияқты өте ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар. Барлығы – рецедивистер. Статистика көрсетіп отырғандай, көбінесе қылмыстар қайта жасалады. Бұл орайда мен заңнамалық нормаларды әзірлеуде шараларды қатаңдатуды ұсындым. Бұл мәселелер бойынша сарапшы комиссия шешім қабылдайды», – деп атап көрсетті Астана қ. әкімінің орынбасары Андрей Лукин.

Сондай-ақ, аталған санаттағы адамдардың қоғамға тез бейімделіп, араласуы үшін оларға психологиялық көмек көрсету және жұмысқа тарту түрінде әлеуметтендіру шаралары қолданылатын болады. Бұл мақсатта еліміздің барлық аймақтарында Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің жанынан пробация қызметтері жұмыс істейді. Тұрақты мекен-жайы жоқ және коммерциялық жыныстық қатынас жұмыскерлеріне қатысты да осындай шаралар қолданылады. Бұл бағытта әкімдік, қоғамдық қауіпсіздік бөлімдері және еріктілер жоспарлы жұмыс жүргізуде, деді Андрей Лукин.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button