Жаңалықтар

Ең ескі аурухана қайта жөнделеді

Астананың орталық теміржол ауруханасы 2018 жылы әкімдіктің коммуналдық меншігіне өтті. Бұл – қаладағы ең ескі медициналық ұйым. Оның қабырғасы 59 жыл бұрын қаланған.

Ауруханада 600-ден аса қыз­меткер жұмыс істейді, оның 100-ден астамы – дәрігер. Олар Сарыарқа мен Байқоңыр ауда­нының 400 мың тұрғынына қыз­мет көрсетеді.
Аурухана Астана әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтісімен, елорда әкімі Әсет Исекешев жаб­дықтарды жаңартуды тапсыр­ды. Бүгінде ауруханадағы жабдық­тардың 70 пайызының тозығы жеткен.
– Қайта жөндеу процесі бірнеше кезеңмен жүргізіледі. Біріншісі – әкімшілік және терапиялық кор­пусты көшіруге дайындау. Гинекологиялық корпус пен Жеңіс даңғылы, 81 мекенжайындағы жеті қабаттық ғимараттың төрт қабатына жөндеу жасалады. Бұл ғимараттың жөндеуіне смета бар, жақын арада әкімдік 380 миллион теңге бөледі. Жөндеуден өткен ғимараттарға көшірілген соң, емхана, әкімшілік және терапиялық корпустар күреледі. Бұл корпус­тарға жөндеу аяқталып, біз жыл соңына дейін көшеміз деп ойлаймын, – деді аурухананың бас дәрігері Сергей Демочкин.
Бас дәрігердің айтуынша, ауру­ханаға 2,4 млрд теңгеге жабдық керек.

Айнұр ШОШАЕВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button