Мәдениет

Ертіске Есіл келіп құйылғандай

Елордалық әртістердің астананың 20 жылдығына арналған Қазақстанның қалалары бойынша үлкен гастрольдік туры жалғасуда. 2-3 қыркүйекте Павлодарда Астананың күндері өтті.

Гастрольдік екі күнде жергілікті тұрғындар Тәуелсіздік сарайы ұйым­дастырған «Ақ тілекпен, Астана!» көрмесін тамашалады. Экспозицияға С.Смағұлов, М.Бекеев, Р.Күлбатыров, С.Аллабергенов, Н.Каржасов және т.б. танымал 50 отандық суретшінің 60 үздік туындысы, Жанна Спунердің жеке коллекциясындағы еңбектері, астаналық шеберлердің картиналары мен мүсіндері қойылды. Көрмеге келгендер отандық қылқалам шеберлерінің өнеріне, шығармашылық әлеуеттеріне өз бағасын берді.
Елордалық әртістер барлық қалаларда өткен «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерт қойды. Сахна төрінде «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «Шал­қыма» халық биі ансамблі, эстрадалық би ансамблі, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері өнер көрсетті.
Одан кейін ашық аспан ас­тында ұйымдастырылған концертте астаналық диджейлер және Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Күлайым Қайырбаева, Ринат Мальцагов, Дос, Алмас Кішкенбаев сынды отандық эстрада әншілері ән шырқады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button