Қала тіршілігі

Абайлаңыз, жолда – «тор» белгісі

Астана қаласында 2 қыркүйектен бастап кептелістер жиі орын алатын жол қиылыстарында жаңа эксперименттік жол белгісі пайда болды.

«Тор» белгісі – жол қиылысының көлік жүретін бөлігіне салынған сары сызықтардан тұратын тор. Белгі тез назар аударып, жолаушыға жол қиылысынан өту ережесін орындауға көмектеседі. Қиылыстың шекаралары жүргін бөліктердің айналмасы басталатын нүктелерді байланыстыратын, қиылыстың ортасынан ең алыс орналасқан жорамалдағы сызықтармен белгіленген. Жүргізуші қиылыстың шекарасын оңай анықтай алады, ал «тор» белгісі оларға анықтап көруге мүмкіндік жасайды. Жүргізушіні жол қиылысында тоқтауға мәжбүр ететін көлік кептелісі пайда болған жағдайда белгіге шығып кетуге болмайды. Сондай-ақ, белгі салынған қиылыста қарама-қарсы бетте келе жатқан автокөлікті өткізіп жіберу керек болған жағдайда артқа бұрылуға болмайды. Алдағы уақытта жүргізушіге жол қиылысында «тор» белгісінің бар екенін ескерту үшін сәйкес техникалық құралдар пайдаланылады.
Бұл «тор» белгісі әзірге сынақ режимі ретінде енгізілген.
Аталған қиылыста жол ере­желерін бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы, 1,4 бөліктеріне («Жол қиылысына шығу немесе кептеліс кезінде жолдың жүргін бөлігінен өту арқылы көлденең бағытта келе жатқан көліктер үшін кедергі туғызу») сәйкес талаптарды орындамау ретінде танылады. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК 594-бабы, 1-бөлігі бойынша ескерту жасалады немесе 3 АЕК түрінде айыппұл салынуы мүмкін. ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы, 4-бөлігіне сәйкес, әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде жол ережесін қайта бұзған азамат 7 АЕК түрінде айыппұл төлейді.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button