Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!

Айдос Кеңес, елорда тұрғыны:
– Кәсіпкерлікпен айналысуға ниеттеніп жүр едім. Ал «Көше саудасына – 1000 орын» жобасы бойынша бизнес бастау үшін не істеу керек?

Бұл сауалға «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Көше саудасына – 1000 орын» жобасының жетекшісі Сәкен Әділбековтің жауабын ұсынамыз.

– Бизнес бастауға ниетті кез келген қала тұрғыны бұл жоба бойынша жұмыс істеуге құқылы. Ол үшін ең алдымен жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелуі тиіс. Онымен қоса, банктен есеп-шот ашуы қажет. Одан кейін жеке куәлігі мен салық комитетінен қарызының бар-жоғы туралы анықтама сұралады. Осы және өзге де тиісті құжатты тапсырған соң кәсіпкер өзіне ыңғайлы жерді алуына мүмкіндігі бар. Бірақ ол жерге басқа да үміткерлер көз тіксе, кәсіпкерлер арасында конкурс өткізіледі.
Сонымен қатар, жобаның ережесіне сәйкес, кәсібін бастауға ниеттілер 50 АЕК көлеміндегі кепілдік жарнаны төлегенін растайтын банк белгісі қойылған төлем құжатын конкурсқа қаты­су үшін басқа құжаттармен бірге өткізеді. Егер конкурстан өтпей қалған жағдайда қаржы иесіне қайтарылады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button