Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Облыста цифрлық техно­логиялар басқармасы құ­­рылды. Бұл құрылым цифрлық технологияларды на­­­рықтық стандарттарға сәйкес дамыту мақсатында қолға алынған.

ҚОСТАНАЙ
Қала тұрғыны тәртіп сақ­шыларына өз еркімен Ф-1 гранатасын тапсырды. Бұл рәсім облыстық ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен өткен. Тапсырылған қарудың тұтандырғышы жоқ. ІІД қызметкерлері оны арнайы тексеруден өткізген соң жоюға жібереді.

АҚТӨБЕ
Облыс дәрігерлері 2014 жылдан бастап органдарды трансплантациялау бағдарламасын жүргізуде. Өткен төрт жыл ішінде олар бүйректі трансплантациялау бойынша – 38, бауырды транс­плантация­лау бойынша 12 ота жасаған.

СЕМЕЙ
Білім күніне орай 50 жалпы білім беретін мектепте IT-сыныптар ашылды. «Menіn mektebіm» жобасы аясында ашылған бұл сыныптардың әрбірінде 11 ноутбук, диодты экран, робототехника жиынтықтар, 3D принтерлер бар.

АЛМАТЫ
Он алты жасар өнертап­қыш Любовь Дудченко арнайы қосымша ойлап тапты. Оның жобасы Қытайда жас­өспірімдер арасында өткен ғылыми-техникалық бай­қауда жүлделі орынға ие болған. Арнайы қосымшаның көмегімен кез келген терілген мәтін дыбыстық жазбаға немесе брайль таңбасына ауысады.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
Білім күні қарсаңында облыста 9 жаңа мектеп ашылды.

ПАВЛОДАР
Павлодардағы 6 мектептің 5-сынып оқушылары қазақ тілін латын графикасында оқуды бастады. Мұндай факультатив курстар алғаш рет қазақ тілінде білім беретін мектептерде енгізілген.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Тараз қаласында баспана кезегінде тұрған 80 отбасыға пәтер кілті табысталды. «Арай» тұрғын алабындағы бұл үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынды. Жоба құны 634 млн теңгені құрады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button