Сайлау - 2021

Еңбек дауы азайды

Nur Otan партиясы атынан Ақтау қалалық мәслихат депутаты болуға үміткерлер Андрей Могилин мен Шамсадин Гусейнов «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ұжымымен кездесті.

Ұжым Nur Otan партиясының алдағы 5 жылдағы жұмыс жоспарымен танысып, партияның мемлекет пен өңір үшін маңызды жұмыстары туралы білді.
Кездесуде үміткерлер биыл әлемде таралған індетке байланысты еліміздің де басқа елдер сияқты қиын кезеңді бастан кешіргенін, дегенмен қиындықтарға қарамастан, Nur Otan партиясының экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар кандидаттар партияның мақсаты – жұмыс орындарын сақтап қалу, жаңа жұмыс орындарын ашу, сол арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру екенін басып айтты.
Жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы аясында республика көлемінде 700 мың адам жұмыспен қамтылады. Туризм саласы дамып, 170 мың жұмыс орны құрылады. Ауыл шаруашылығына да басымдық беру арқылы 500 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Бұдан басқа кәсіпкерлікке оқыту, қайта даярлау курстарына қамтылатын адамдар саны ұлғаяды. Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшетін отбасыларға қолдау көрсетіліп, еңбек қауіпсіздігі жақсарады.
«Nur Otan партиясы еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін оңтайландыру, еңбек заңнамасын бұзатын адамдарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату жөнінде заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасап және ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттыру туралы мәселесін алға қойып отыр» деді депутаттыққа үміткерлер.
Шара барысында кандидаттар ұжымды сайлауға қатысып, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды. Сондай-ақ қыз­меткерлердің басқа да сұрақтарына жауап берді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button