Құқық

Есірткі сақтау – ауыр қылмыс

Есірткі мен психотроптық және оларға ұқсас заттарды сату мақсатынсыз заңсыз дайындауға, қайта өңдеуге, сатып алуға, сақтауға және тасымалдауға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабында қылмыстық жаза қарастырылған.

Қоғамдық орында есірткіні дәрігердің арнайы тағайындауынсыз тұтыну заңға қайшы. Осы негізде былтыр екі адам сотталған.

Мысалы, елорда тұрғыны көп қабатты үйдің дәлізінде «гашиш» есірткі затын шеккен.  Ерекше иіске мән берген көршілер бірден полиция шақыртып, ол сол жерде ұстаған.

Тағы бір қала тұрғыны «Жерұйық» саябағында психотроптық зат қолданып ұсталды. Соттың үкімімен екеуі де 40 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тартылды.

ҚР ҚК-нің 296 – бабының 2, 3 – бөлігі бойынша қылмыстық істердің басты ерекшелігі – алынған есірткі құралының мөлшері мен құрамы назарға алынады. Мұндай үдерісте арнайы сараптамалық зерттеулердің көмегімен іс-әрекет сараланады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу – аса маңызды. Есірткіні қолдану – тәуелділікті тудырады. Ал оған тәуелді адам көп ұзамай осы жолда басқа да қылмыстар жасауы әбден  мүмкін.

Осындай теріс қылықтарға 200 есептік көрсеткішке  дейін айыппұл (738 400 теңге), түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту  (200 сағатқа дейін), сондай-ақ қамауға алу (50 тәулікке дейін) түріндегі жаза көзделген.

Өткен жылы осы тұрғыда 144 адам істі болып, оның 107-сіне айыппұл салынса,  37-сі қоғамдық жұмысқа тартылды.

Қазіргі таңда қылмыстық жауаптылыққа жоғарғы оқу орындары студентерінің де тартылуы аз кездеспейді.

Мәселен, жақында 21 жастағы студент жігіттің қалтасынан жеке пайдалану үшін  0,49 грамм «каннабис шайыры» табылған.

Бұдан бөлек, есірткі қолданатын елорданың медициналық орталықтарының бірінде қызмет атқаратын резидент дәрігерден 5 грамм «гашиш» есірткісі алынған.

Олар жасаған әрекеттеріне шынайы өкінгенімен, сот үкімі әр қайсысына айыппұл түріндегі жазалар тағайындады, ал тәркіленген есірткі заттары жойылды.

 Саяхат Нұрбеков, 

Астана қаласы прокуратурасы басқармасының
 аға прокуроры

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button