Шаһар шежіресі

Бойына ізгілік дарыған

Мемлекет қайраткері, 1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау министрі, 1996-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет төрайымы Зәуре Қадырова 1973-1976 жылдары Целиноград қаласы партия комитетінің хатшысы, 1976-1985 жылдары Целиноград облыс­тық атқару комитеті төрағасы қызметінде талай мәдени іс-шараның басы-қасында болды.

«Ол қандай қызмет атқар­масын, қайда жүрмесін, ортасымен тез тіл табысып, айналасына мейірім шуағын шашып жүретін» дейді замандастары.

Бойына ізгілік нұры дарыған, пайым-парасаты мол адамдар қашан да істің тетігін таба білетіні сөзсіз.

Зәуре Жүсіпқызы 1982 жылы 20 маусымда Целиноградтағы Жастар сарайында «Советтік Якутия өнері» көрмесінің салтанатты ашылуында сөз сөйлеп, якутиялық қылқалам шеберлерінің бейнелеу, кескіндеме, скульптура мен безендіру – қол­данбалы өнер туындыларын көпшілікке паш етті.

 Ғазиза ИСАХАН

Суретте Зәуре Қадырованың «Советтік Якутия өнері» көрмесі лентасын қию сәті.

Фотосурет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорынан алынды.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button