Мәдениет

Ғасырдың елеулі оқиғасы

Ақын, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінің директоры Несіпбек Айтұлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында еліміздің қандай белестерді бағындырғанын айтты.

«Тәуелсіздіктің арқасында қазір елдің солтүстік аймақтары қазақыланды. Соның бір айғағы – астананың Арқаға көшуі. Бұл – ғасырда бір-ақ рет болатын оқиға. Астана Арқаға көшіп келгелі бері солтүстіктегі Көкшетау, Қостанай сияқты өлкелер қазақыланып жатыр. Мұны Елбасының көрегендігі деп білемін. Бүгінгі таңда орыс шовинистерінің солтүстіктегі жерімізге көз алартып жүрген әрекетін Нұрсұлтан ­Назарбаев сол кезде сезген сияқты. Алайда солтүстік аймақтарға қазақтарды көшіруді әлі де күшейту керек деп ойлаймын. Дегенмен Тәуелсіздіктің арқасында қаншама қиын күндер артта қалды. Осы уақыт ішінде қазақ шаруашылықты да, кәсіпті де игере алатынын, қолынан бәрі келетінін көрсетті» деді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button