Елорда тынысы

Келе жатқан көлікті QR анықтайды

Астаналықтар автобустардың аялдамаға қаншалықты жақындап қалғанын QR-код арқылы көре алады. Оны аялдамалардағы QR-коды бар арнайы жапсырмалар арқылы анықтап, автобустардың бағыты мен уақыты туралы да біле алады.

«City Transportation Systems» ЖШС қоғамдық көліктерде жүрудің жол­ақысын электронды төлеу және диспетчерлеу жүйесін жаңғырту аясында аялдамаларды цифрландыру жұмысын бастады.

«Енді аялдамаларда QR-коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылады. Оларды сканерлеу арқылы бағдарлардың нақты келу уақытын көруге болады. Ол үшін «Avtobys» мобильді қосымшасын Google Play, App Store немесе App Gallery-дан жүктеп алу қажет. Қолданбаның басты бетінде QR белгісін басып, аялдамадағы QR-кодты сканерлеу керек. Содан кейін қосымшада аялдамадан өтетін маршруттар және олардың болжамды келу уақыты көрсетіледі» деді «City Transportation Systems» ЖШС өкілі.

Қазір елордадағы 225 аялдамада QR-коды бар жапсырмалар бар. Алдағы уақытта қалған аялдамаларға да орнатылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button