Жаңалықтар

Кешенді жоспар қабылданды

Елорда әкімдігінде кезекті әкім аппарат жиыны өтті. Онда қала басшысының орынбасарлары өздерінің жауапты салалары бойынша қысқаша шолу жасады.

Алдымен шаһар әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун қаладағы Тұр­ғын үй құрылысындағы үлес­кер­лердің мәселелері бойынша сөз алды.
« Өткен аптада осы мәселе­ге байланысты отырыста 24 нысан қаралды. Сондықтан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізу механизмдерін тұрғын үй құрылыс кооперативтерімен бірлесіп қолға алдық» деді С.Хорошун.
Одан кейін Қосман Айт­мұхаметов қаланың тө­тен­ше жағдайдың алдын алу, санитарлық-эпиде­мио­ло­гиялық ахуал және жылыту маусымының қалыпты жағдайы туралы баяндады. Әкім орынбасары Ермек Аманшаев денсаулық саласы туралы, оны ішінде дәрі-дәрмектер мен олардың қажетті қоры жайында сөйледі. Малика Бектұрова жанар-жағар май мен көмір нарығы туралы айтты. Ол өз сөзінде бүгінде елордада көмір нарығы тұрақты бақылауда екендігін жеткізді.
Қалалық Ішкі істер департа­ментінің бастығы Марат Қожаев бас шаһардағы құ­қықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларға тоқталды. « Астанада құқықтық жағдай ор­нықты. Өткен аптада 659 қыл­мыс тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен са­лыстырғанда 305 оқиғаға аз» деді ол.
«Бүгін біз 2018-2019 жыл­дарға арналған елордада қылмыстың алдын алу­дың кешенді жоспарын қабылдадық. Оның мақсаты – қаладағы қылмыстық ахуал­ды жақсарту» деді Астана әкімі Әсет Исекешев. Оның айтуынша, кешенді жоспар елорда әкімдігі, ішкі істер департаменті және қалалық прокуратурамен бірлесіп әзірленген.
Соған байланысты елорда басшысы қалалық әкім аппара­тына осы жоспардың орындалуын бақылауды тапсырды. «Астана LRT» ЖШС-ның төрағасы Бекмырза Иген­бердинов қоғамдық көліктің жағдайына шолу жасады. Қаланы абаттандыру жұмыстары бойынша Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдері есеп берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button