Жаңалықтар

Кіші айналма жол кептелістерді азайтады

Төрт жылдан бері елордада жұмыс істеп жатқан қаланың интеллектуалдық көлік жүйе­сіне 137 бағдаршам қосылды.

Қазір Нұр-Сұлтан жолдарының 35% интеллектуалдық көлік жүйе­сімен қамтылды. Осы күндері жобаның үшінші кезеңін жобалау жұмысы аяқталып жатыр. 2020 жылдан бастап қалған жол қиылыстарын жаңғырту көзделіп отыр. Бұл – 118 бағдаршам.
Бұл жүйе қалалық трафиктің проблемасын толығымен шеше алмайды. Мәселені шешу үшін кіші айналма жолының құрылысын, дәлірек айтқанда, Мәңгілік ел даңғылына балама ретінде Тәуел­сіздік даңғылы құрылысының жалғасын аяқтау керек. Ол көлік қозғалысын үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Сол жағалау толығымен интеллектуалдық жүйеге қосы­л­ған. Алайда мұнда көлік коллап­сы жиі болып тұрады. Бірінші ке­­зекте тұйық көшелер мен негізгі магис­тральдарды өткізу керек. Көптен күткен Асан қайғы көшесінің құрылысы мәселені шеше алмайды. Өйткені ол тәжірибе жүзінде
Уәлиханов көшесін қайталап отыр. Кептелістер Кравцов көшесінен басталып, Таха Хусейн көшесіне, одан Тәшенов көшесінен сол жағалау­ға Мәңгілік ел даңғылына тіреледі. Әрі қарай көлік жүре алмайды. Сол жерде кептелістер басталады» дейді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Нұрлан Солтамбеков.

Фарида КАРИМОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button