Sport

Ұлағатты ұстазға арналды

Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы «Кеңбидайық» орта мектебінде үстел теннисінен Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Қабден Шәмшікенов есімін еске түсіруге арналған дәстүрлі ашық турнир өтті.

Жыл сайын өтетін жарысқа аудандағы мектеп ұжымдары мен Нұр-Сұлтан қаласынан әуесқой теннисшілер қатыс­ты. Қабден Шәмшікенов бүкіл саналы ғұмырын Кеңбидайық ауылындағы орта мектепте өткізген. Еңбек жолын қатардағы мұғалім болып бастап, жиырма жылға жуық мектеп директоры қызметін атқарған. Ұлағатты ұстаз өткен ғасырдың жетпісінші жылдары кезекті бір еңбек демалысын Қырым курортында өткізгенде үстел теннисін көріп, өзі үйреніп, кетерінде тапсырыс беріп, бірнеше үстел теннисін жабдықтарымен бірге ауыл мектебіне алғызады. Содан бері осы ауылда, аудан бойынша да үстел теннисі көпшіліктің қызығып шұғылданатын спорт түріне айналып кете береді.
Ал биылғы жарыста «Кеңбидайық» орта мектебі 1-орынға ие болса, «Жантеке» орта мектебі – екінші, Қорғалжын мектеп-гимназиясы үшінші орыннан көрінді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button