Жаңалықтар

КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕУГЕ ЖАБЫЛДЫ

a0f4d7a11f5d3e0781c9f19a161

Елордада кешеден бастап №14 автобус бағдары қатынайтын Абай даңғылы мен Бигелдинов көшесіне дейінгі, Бигелдинов көшесінен Күмісбеков көшесіне дейінгі аралықтағы жол бөлігі жөндеу жұмыстарына байланыс­ты жабылды.

Жол жөндеу жұмыстары аясында осы көшелер аумағында су құбырларын, жылу желілерін тарту және жауын-шашынға, тұрмыстық мақсаттарға арналған кәріздерді орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, жол қозғалысы шектелген аймақта абаттандыру жұмыстары да қолға алынбақ.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, көшелердегі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекте аяқталмақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button