Басты ақпарат

АУЛАЛАР АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

5,

Елордада аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты. Биыл жаңадан балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынып, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады, аулаларда автокөлік қоятын жаңа орындар пайда болады.

Қазіргі таңда Алматы ауданындағы 27 ауланы кешенді абаттандыру ісі қолға алынды. Оған көп қабатты үйлер секторының 62 тұрғын үйі кіріп, сол аумақта балаларға арналған 36 ойын және 11 спорт алаңы, 419 қоқыс жәшігі, 389 орындық, 30 сәкі, 40 кір жаятын орын орнатылмақ. Сондай-ақ, 378 автотұрақ жасау жұмысы басталды.
Алматы ауданы әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгіндері Жирентаев, Қажымұқан, М.Жұмабаев, Қ.Рысқұлбеков, А.Жұбанов көшелері мен Абылайхан даңғылындағы бірқатар үйлер аумақтарында сәйкес жұмыстар аяқталды.
Сонымен қатар, Республика, Б.Момышұлы, Тәуелсіздік, Абай даңғылдары, М.Ғабдуллин, Ж.Тәшенов, А.Бараев, В. Маяковский, Күйші Дина, С.Рахымов, Ә.Сембинов, Отырар, Кенесары, Таха Хусейн көшесі, Шалкөде, А.Пушкин, Е.Брусиловский көшелерінің кейбір үйлер аудандарында ойын алаңдары орнатылған.
Сарыарқа ауданында 14 аула, Есіл ауданында Сарайшық, Алматы, Ақмешіт, Нагорная, Сауран көшелері мен Қорғалжын тас жолы бойы абаттандырылмақ. Жалпы алғанда, 50-ге жуық ауланы абаттандыру жоспарлануда

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button