Жаңалықтар

Күн тәртібінде – көмір мәселесі

Күн салқындап, күз мезгілі жеткен уақытта көмір бағасының күрт көтеріліп кетуі жиі кездеседі. Міне, осы мәселенің алдын алу үшін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев көмірдің бағасы өсіп кетпеуін ерекше тапсырды.

Нарықтағы көмір жағдайымен Отын-энергетикалық кешені және Ком­муналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов баяндады. Ол бүгінде Астанада көмір жеткізетін 7 іске асырушы барын еске салды. Жалпы, қорда 7 тамыздағы жағдай бойынша 9590 тонна көмір бар.
– «Магнит 21 ғасыр» ЖШС-те Шұбаркөлдің 1700 тонна (14500 теңге) және Кузнецкінің (12000 теңге) көмірі бар. «Айткожынова» ЖК Майкөбенің 500 тонна (10000 теңге) көмірі бар, «Умар KZ» ЖШС – 1000 тонна Қаражыраның (13500 теңге), «Северэнергоугольснаб» ЖШС – 4800 тонна Қаражыраның (13000 теңге) көмірі бар, – деді Е.Төлеуов.
Көмір бағасының күрт көтеріліп кетуі қандай себептен туындайды? Басқарма басшысының мәліметі бойынша сату кезеңі шарықтаған кезде көмірдің жетпей қалуынан осындай мәселе туындайды. Оның үстіне, көмір тасымалына тапсырыстың көп түсуінен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан да вагондар жетіспей жататын кездер болады. Осыған байланысты Әсет Исекешев «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ елордаға көмір жеткізетін пойыздарды тиісті мөлшерде вагондармен қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button