Жаңалықтар

Астана – жайлы әрі қауіпсіз қала

Астана әкімі апта сайын өтетін жиналыстың алдында қаланы аралап шықты. Жиын барысында тұрғын үй сапасын қамтамасыз ету мен проблемалы нысан­дар­дың мәселесін шешу жайы талқыланды. Бұдан бөлек, «Астана – жайлы әрі өмір сүруге қауіпсіз қала» бағдар­ламасының аясын­да жобаны іске асыру мәсе­лесі де қаралды.

Әкімдіктің негізгі жұмыстарының бірі – аулаларды дамыту. Осы орайда Әсет Исекешев Астанада 1400 аула аумағы барын, соңғы екі жылда 300-ден астам аула абаттандырылғанын еске салып өтті. Биыл 300 аула абаттандырылмақ. Жоспар бо­йынша жыл басынан бері Алматы ауданында 105 аула салынды. Сарыарқа ауданына 100 аула жоспарланыпты. Ал оның 20-сы салынып бітті. Қала әкімі 2019 жылға дейін барлық аула аумақтарын абаттандыруды аяқтауды тапсырды. Бұдан бөлек, қала басшысы тұрғын үйлерге қызмет көрсету сапасын арттыру әкімдіктің басымдық беретін жұмыстарының бірі екенін айтып өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button