Жаңалықтар

Күрмеуі көп үйлердің түйіні шешілді

Проблемалы нысандардың құрылысын аяқтауға биыл 6 млрд теңге жұмсалды деп мәлім етті кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.– Бүгінде елордада 48 проблемалы нысан бар, ол дегеніміз – 71 тұрғын үй. Оның ішінде 13054 үлескер бар. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік бюджеттен 40 млрд теңге қаржы бөлінді, оның 6 млрд теңгесі игерілді және биыл жыл соңына де­йін құрылысқа тағы 14 млрд теңге салынады. Ал келесі 20 млрд теңгенің қосымша жұмыстары басталады. Сондай-ақ осы проблемалы нысандардың құрылысын қадағалайтын компаниялар жауапқа тартылуда. Бүгінгі таңда 90 пайыз жауапсыз құрылыс компанияларының бірінші басшылары жауап­қа тартылды. Яғни оларға қатысты тиісті сот шешімі шығып, жазаларын өтеуде, – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
Қала бойынша әлі де мәселесі шешілмеген нысандар бар. Оларға қатысты құрылыс компанияларымен жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте «Қалған 3-4 тұрғын үй кешені бар, ол – «Талисман», «Сулейман». Осы нысандар бойынша құрылыс компания­сы басшыларына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр» деді А.Қайсағалиев.

Дәулет ІЗТІЛЕУОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button