Басты ақпарат

Алғашқы қар әбігерге салған жоқ

Кеше астана ақ қармен көмкерілді. Сол-ақ екен, қала көшелеріне 564 арнайы техника шығып, тазалау жұмыстарына кірісіп кетті.Осылайша елорданың барлық ауданын қардан тазарту, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыс­тары басталды. Оған арнайы техникалар мен 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды.
Қалалық коммуналдық-шаруашылық мекемесі тағы 163 техниканы күшейтілген режимге дайындап қойған.
Қала тұрғындары қар тазалау жұмыстары бойынша тәулік бойы iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 109 нөміріне қоңырау шалып, хабарласуға болады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button