Елорда тынысы

Мәселелер ретімен шешіледі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Ашық жүздесуде тұрғындар апатты жағдайда тұрған екі жатақхананы бұзу, жол салу, медициналық орталықтар ашу, газдандыру, электр қуаты, қосымша автобус бағдарларын іске қосу, камералар орнату, абаттандыру (ауланы/гүлзарды көгалдандыру), құжаттарды заңдастыру сияқты мәселелерді көтерді.

«Елордада 16 елді мекен бар. Қаланың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады. Тиісінше, қаланың шет жағында тұратын тұрғындармен тұрақты кездесу өткіземін. Жұмыс жоспарымыз­ды ауданның қажеттіліктері мен тұрғындардың өтініштеріне сүйене отырып жасаймыз» деді қала басшысы.

«Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Тұрғындар апатты жағдайда тұрған екі жатақхананы бұзу, жол салу, медициналық орталықтар ашу, газдандыру, электр қуаты, қосымша маршруттарды іске қосу, камералар орнату, абаттандыру (ауланы/гүлзарды көгалдандыру), құжаттарды заңдастыру, т. б. мәселелерді көтерді. Мәселелер ретімен шешіледі, тұрғындармен бірге тиісті міндеттердің басымдығын анықтаймыз және кестеге сәйкес елді мекенді дамытамыз» деп түсіндірді Ж.Қасымбек.

Қала әкімі апатты үйлерді бұзу бойынша жасалған тізімге өзгерістер енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Үйлерді бұзу мәселесіне тоқталар болсам, қалада апатты жағдайда тұрған 200-ден астам үй бар. Қазіргі уақытта біз бұзу бойынша тізімді жаңартып жатырмыз. Алдағы 3 жылда апатты әрі тозығы жеткен үйлердің тұрғындарына арнап 2,5-3 мыңға жуық пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Тозығы жеткен үйлерді бұзу ісін мүмкіндігінше жылдамдатамыз» деді Ж.Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button