Жаңалықтар

Мерекеде мерейі өсті

????????????????????????????????????

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Қаналимов елордамыздағы қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

Басқарма басшысы жиналған қауымды еліміздегі ең елеулі оқиға – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Еліміздің даму жолында қоғамдық ұйымдар мен ақпарат құралдары атқарып келе жатқан жұмыстардың ауқымды әрі жауапты екенін атап өтті. Алдағы уақытта да еңбектерінің берекелі болуына тілек білдірді.
Мерекелік медаль алып ме­рейленіп қалған азаматтардың атынан «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қабыкен Закариянов ризашылығын білдірді.
Ал марапатталғандар арасында «Астана ақшамы» газетінің редакциясы» ЖШС директоры Сәуле Смағұлова, «Вечерняя Астана» газетінің бас редакторы Лариса Увалиева, «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков, фототілші Василий Крась болды.

Әмір ДОСҚОЖА

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button