#Жаңа Қазақстан

Міндетті түрде қатысамыз

– Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Сайлау жүйесі – бұл саяси билікті заңды түрде қалыптастыруды қамтамасыз ететін ережелердің, әдістер мен процестердің жиынтығы.

Сайлау жүйесі, шын мәнінде, қоғамдық қатынастардың жиынтығы, маңызды шара. Осы қатынастар арқылы мемлекеттің сайлау органдары қалыптасады. Сайлауда әркімнің дауысы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі нақты өмірі арқылы болашаққа ықпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңызы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңызы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керегін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекетінен, көзқарасынан хабардар болу керек. Қазіргі кезде сайлау науқаны қызу жүруде. Әсіресе соңғы уақытта жастардың ерекше белсенділігін атап өтуге болады. Олар әлеуметтік желілерде, түрлі интернет-форумда талқылаулар ұйымдастырып, сайлаудың ел өміріндегі маңызы туралы айтып жатыр. Еліміздің жан-жақты дамуы тұрғысында, елдің стратегиялық бағдарын қолдау үшін мен сайлауға қатысамын және халықты ерікті түрде өз таңдауын жасап, дауыс беру учаскелеріне келуге шақырамын.

Жазира ЖЕТПІСБАЕВА,

Б.Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектеп директорының орынбасары, математика және информатика пәні мұғалімі

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button