Басты ақпаратЕлорда тынысы

Астана қай қалаға алыс?

Күн санап сәулеті мен дәулеті өркендей түскен елорданың көзайым болатын көркем нысандары көбейіп келеді. Солардың бірі кеше Астананың орталық қалалық саябағы кіреберісінде бой көрсетті.

Елордада «нөлдік километр» шартты белгісі пайда болды. Төрт метрлік бағанада әзірге әлемнің 17 қаласы белгіленген. Енді сол жағалаудың ортасы және еліміздің бас қаласынан барлық жол арақашықтықтарының бастапқы нүктесі саябақтағы көрсеткіш болып саналады. Бұл шағын архитектуралық пішін тек туристерді тарту үшін салынған. Ол ресми метрологиялық қызмет атқармайды.

Енді сақинасы бар металдан жасалған символдық белгіге қарап Лондон, Париж, Мәскеу, Бейжің, Ташкент, Түркістан қалаларының Астанадан қанша шақырымда орналасқанын біліп жүретін боламыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button