Жаңалықтар

«Nur-Sultan Jastar Fest» фестивалi басталды

Елордада «Nur-Sultan Jastar Fest» фестивалi өтті. Онда грэпплинг, асық ату, көше футболы, арқан тарту сынды спорттың 9 түрiнен сайыстар ұйымдастырылды.

Спорт мерекесінің ашылу рәсіміне Мəдениет жəне спорт министрi Ақтоты Райымқұлова, қала əкiмi Алтай Көлгiнов, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серiк Сəпиев және Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Əдiлбек Ниязымбетов, Гюзель Манюрова, әлем чемпионы Мерей Ақшалов қатысты.
Мəдениет жəне спорт министрi бұл iс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған Жастар жылы аясында өтiп жатқанын жеткiздi. «Мемлекет басшысы өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мен оған қолдау көрсетудiң маңыздылығын атап өттi. Бұқаралық спорт – Олимпиададағы жетiстiгiмiздiң негiзi. Бүгiнгi жастар – елiмiздiң ертеңгi мақтанышы. Ендi өздерiңiзбен бiрге бұқаралық спортты дамытуға атсалысамыз. Бүгiнгi «Nur-Sultan Jastar Fest» бас қаламызда бастау алып отыр. Ендi бұл челлендждi Алматы қаласына жолдаймыз. Бұл iс-шара елiмiздiң өзге де өңiрлерiнде жалғасады» дедi Ақтоты Райымқұлова.
Өз кезегiнде Алтай Көлгінов мұндай игiлiгi мол шараның ерекшелiгiне тоқталды. «Спортпен айналысқан адамның денсаулығы да, рухы да мықты болады. Өздерiңiздi спортпен тұрақты шұғылдануға шақырамын. Бұл фестиваль осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта өтiп тұрады. Бұқаралық спортты дамыту үшiн бас қаламызда көптеген iс-шара өткiзiлiп жатыр. Алдағы уақытта күрестен əлем чемпионаты өтедi. Ал осы аптада дәстүрлі Astana Marathon
ұйымдастырылады. Бəрiңiздi осы марафонға шақырамын» дедi қала әкімі.
Ал спорт мерекесіне жиналған балалар мен жастар түрлі сайыстардың көрігін қыздырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button