Жаңалықтар

Ел ертеңіне әсері ерекше

Есіл ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-­Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында аудан активтерінің жиналысы өтті.

Аудан әкімі Берік Жәкеновтің қатысумен өткен шараға елордалық басқарма басшылары, қалалық мәслихат депутаттары және аудан белсенділері де қатысты. Жиналыста баяндамашылар Президент Жолдауындағы жұрт айрықша назар аударып отырған жарқын түйіндерге тоқталумен қатар, отандастарымыз көп көңіл бөлетін жүрекжарды мәселелерді де атап өтті. Жолдауда айтылған халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру саласын дамыту сынды толғақты түйіндерге басымдық беру халықтың көңілінен шығып, болашаққа деген сенімдерін арттыра түс­кенін айтты.
Мемлекеттік органдардың жұмысы айқын болуы керек. Өз әріптестеріме қалалық мәслихат пен Парламенттің сессиясына келуді ұсынамын. Біз өз еліміздің тіршілігіне белсене араласуға тиіспіз. Ал қалалық басқармалар мен әкімдік жұмысын, оның ішінде аудандық әкімдік жұмысын бағалау жүйесі жақсы бастама деп санаймын,- деді Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі Баян Ахметжанова.
Баяндамашылар өз ойларын ортаға сала отырып, Қазақстандағы тұрақтылық пен ел экономикасын жандандыру, халық тұрмысын жақсарту жөнінде жасалған нақты қадамдар ел ертеңіне айрықша әсер ететінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ жолдауда айтылған мәселелер бір-бірлеп жүзеге асырылып, халықтың шынайы игілігіне айналатынына сенімдіміз деп түйіндеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button