Жаңалықтар

Оқушы көлік картасын мектепте ала алады

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасындағы кейбір ораламсыздықтарға  байланысты атаулы мектеп көлік карталары оқу орындарында беріледі. Бұл  туралы  «Астана LRT» баспасөз қызметі мәлім етті.

Оқушының ата-анасы немесе қамқоршысы Қажымұқан көшесі, 14-үй мекенжайында орналасқан «Астана LRT» ЖШС орталық кассасына келіп,  анкета толтыру тиіс. Арыз бес жұмыс күнінде қарастырылады. Дайын болған кезде оқушыға немесе  ата-анаға телефон арқылы хабарланады.
«Дайын карта мектепке оқушыға келеді. Оны сынып жетекшісі тапсырады. Бұл арыздың көшірмесі болмайды. Карта бір рет беріледі және қарапайым көлік картасы секілді ақша толтырылады. Жыл сайын қайта шығарудың қажеті жоқ», – деді баспасөз қызметінен.  Сондай-ақ, transcard.kz сайт арқылы онлайн сұраныс беруге болады. Алайда ол кезде картаны алу үшін орталық кассаға келу қажет. Карта кезектен тыс беріледі. 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button