Жаңалықтар

ПОЛЬША «EXPO-2022» КӨРМЕСІН ӨТКІЗУГЕ ҮМІТКЕР

Польша Президенті Анджей Дуда ЭКСПО көрмесі аясында өткізілген Польшаның ұлттық күніне қатысты.

Арнайы ресми сапармен келген жоғары мәртебелі қонақ әлем елдерінің өркендеуі үшін жаңғырмалы энергия көздерінің дамуы аса маңыз­ды екендігін айтты. Оның айтуынша, экономика, сауда, өнеркәсіп және басқа салалардың қызметі энергетиканың дамуына тікелей тәуелді.

– Бүгінде баламалы энергия көздері арқылы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге болады. «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқан Польшаның жергілікті билігі, ғалымдары мен сарапшылары болашақта қолданатын құнды тәжірибе жинақтағанына сенімдімін. Қазақстан Үкіметі мен барша халқын елордадағы көрмені сәтті өткізуімен шын жүректен құттықтаймын. Көрме Орталық Азия аумағында алғаш рет өткізілуде. Бұл – соңғы 26 жыл аралығындағы ел жетістігінің айқын дәлелі. Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға қатысу – біз үшін үлкен мәртебе, – деді Анджей Дуда.
Польша павильонының тақырыбы «Табиғат кезеңдері» деп аталады. Мемлекет көрме аясында «жасыл» энергия саласындағы жетістіктер туралы тың ақпараттар ұсынуда.

Айта кетейік, Польша «ЭКСПО-2022» халықаралық мамандандырылған көрмесін Лодзь қаласында ұйымдастыруға және өткізуге өтінім берді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button