Денсаулық

Қауіпті аурудың алдын алу қажет

Жыл сайын бүкіл әлемде 29 қазанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтеді. Бұл күнді 2006 жылы Инсульт­пен күрес жөніндегі дүниежүзілік ұйым осы ауруға қарсы бүкіләлемдік күресте жедел белсенді әрекеттерге шақыру мақсатында бекітті.

[smartslider3 slider=580]

Алайда бүгін аталып өтетін күннің тарихы 2004 жылдан басталады. Ол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инсультты жаһандық эпидемия деп жариялап, 2006 жылы инсультпен күрес жөніндегі дүниежүзілік ұйым құрылып, осы күнді бекітті.
Бүгінде ұйымның құрамында 85 елден 3,5 мыңнан астам жеке мүшесі мен 60-тан астам ұйым бар. Бұл – инсультпен күрес жөніндегі ғылыми ұйымдар мен қоғамдастықтар.
Инсульт – артерияның бітелуі немесе тамыр қабырғасының жарылуы арқылы қан төгілуі салдарынан миға қанның келуінің тоқтауы нәтижесінде жүйке жасушаларының зақымдануы немесе өлуі, бұл мидағы қан айналымының тез бұзылуына әрі ми тінінің зақымдануы және оның функциясының бұзылуына әкеледі.
Инсультті қоздыратын факторлар – жоғары қан қысымы, қант диабеті, хо­лестериннің көбеюі, семіздік, физикалық белсенділіктің болмауы, темекі шегу және алкогольді шамадан тыс тұтыну.
Бұл ауру әлемде өлім мен мүгедектіктің басты себептерінің бірі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша бүкіл әлемде жылына 6,7 миллион адам инсульт салдарынан қайтыс болады. Қан тамырлары аурулары өлімнің жартысынан көбін құрайды, егер бұған дейін инсульт, негізінен, 55-60 жастан асқан науқастарда кездессе, қазіргі уақытта осы ауруға қатысты жағдайлардың үштен бірі еңбекке қабілетті жастағы адамдарға (25-50 жас) тиесілі екен. Демек, ауру жасарып келеді.
2025 жылға дейін кемінде 20 заманауи аурухана, 3 онкологиялық орталық, 12 зертхана, медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтан өткізуге арналған орталық салу жоспарланған. Оларды медициналық жабдықпен жарақтау кезінде отандық өндірушілерге басымдық беріледі. Сонымен қатар отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін 50 пайызға арттыру көзделіп отыр.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button