Денсаулық

Отбасылық денсаулық орталығы ашылады

Жыл соңына дейін қаламызда 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова мәлімдеді.

[smartslider3 slider=581]

«2018-2020 жылдар аралығында жаяу 20 минуттық жердегі қолжетімділікті қамтамасыз ететін 30 «Үйдегі дәрігер» нысаны ашылды. Оның 25-і жеке инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылды және 260 мыңнан астам тұрғынды қамтиды. Ал алтауы қаланың шеткері аймақтарында орналасқан. Биыл мұндай 10 нысан ашу жоспарланған» деді ол қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында.
«Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС-тің 2 нысаны бар. Біреуі Тұран даңғылы, 55 мекенжайында орналасқан. Нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және 15 желтоқсанда ашылады. Орталық 14400 адамға қызмет көрсетеді. Келесі орталық – Сауран көшесі, 15 мекенжайында. Ол жерде де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және қарашаның ортасында аяқталады. Онда шамамен 3,5 мың тұрғынға арналған екі учаске болады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button