Жаңалықтар

Серіктестік серпінді дамиды

Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ аймақаралық ынтымақтастығы форумы аясында Астана әкімі Әсет Исекешев РФ Челябі облысы­ның губернаторы Борис Дубровскиймен кездесті.

Аймақтар екі арадағы көлік-логисти­ка­лық байланыс әлеуетін кеңейтуге ниетті.
Бұл – Челябі облысы басшысының Қазақ­стан елордасына жасаған екінші сапары. Сапар Астана мен Челябі облысының арасында жасалған ынтымақтастық жөніндегі бірінші келісімге 15 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. «Челябі облысы – бізге жақын аймақ. Бүгінде ынтымақтастығымыз дамудың жаңа деңгейіне шықты деп сеніммен айта аламыз. Алдағы уақытта бірлескен жұмыстардың әлеуеті мен көкжиегін айтарлықтай кеңейтетін бір­қатар жобалар жүзеге асырылады» деді Әсет Исекешев кездесу барысында.
Басқосуда Астана – Челябі тікелей әуе рейсінің ашылуы сөз болды, ол «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде де, одан кейін де сұранысқа ие болмақ.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button