Жаңалықтар

АВТОБУСТАР БАҒДАРЫ ӨЗГЕРДІ

Кешеден бастап, қалалық бағдар желілерін оңтайландыру барысында №49 және №55 бағдарлар №15 бағдарға біріктірілді.

14-1

Аталған бағдар: «Железнодорожный» тұрғын алабынан «Арнау» тұрғын үй кешеніне дейін мынадай сызба бойынша жол жүреді: «Железнодорожный» тұрғын алабы – Ш.Құдайбердіұлы даңғылы – Майлин көшесі – М.Жұмабаев даңғылы – Б.Момышұлы даңғылы – Орынбор көшесі – «Арнау» тұрғын үй кешені.
Сонымен қатар, №36 қалалық бағдар ұзартылды. Қалалық маршруттық желіні оңтайландыру аясында бүгіннен бастап №36 автобус Гуманитарлық заң колледжіне дейін жүретін болады.
Автобус «Көктем» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Бөгенбай батыр даң­ғылы – Бейбітшілік көшесі – соңғы аялдама Гуманитарлық заң колледжі. Кері ба­ғыт­та Молдағұлова көшесі арқылы осы сызба бойынша жүреді.
Толық ақпарат алу үшін 574777 телефоны бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button