Қала тіршілігі

Шеткі аймақтар көз қуантады

Жақында Көктал-1 тұрғын үй алабында аумағы 16 гектар болатын саябақ ашылды. Саябақта ашық аспан астында орналасқан амфитеатр, спорт алаңқайы, балалардың ойын алаңдары орналасқан. Жасыл алқаптың өне бойымен веложол өтеді. Алдағы уақытта саябаққа көптеп тал егілетін болады. Сондай-ақ мұнда қыс мезгілінде шаңғы, коньки тебуге болады.

Тельман тұрғын үй алабында демалысқа жайлы қоғамдық кеңістік пайда болды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов аумақты әлі де дамыта беретінін, жыл аяғына дейін мұнда тазарту қондырғысы мен магистральдық коллектордың құрылысы аяқталатынын жеткізді. Сондай-ақ аймақ тұрғындары қаланың басқа бөлігіне тез жетуі үшін Nova city ТК ауданында жол салынып жатқанын айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button