Sport

Ширек финалға шықты

Астанада өткен Дэвис Кубогының 1/8 финалында Қазақстан ұлттық құрамасы Швейцариядан 4:1 есебімен басым түсті.

Ұлттық теннис орталығында өткен байрақты бәсекенің жеребесі бойынша алдымен қазақстандық теннисші Дмитрий Попко мен қарсылас команданың бірінші нөмірі Генри Лааксоненмен кездесіп, нәтижесінде отандасымыз 3:1 есебімен жеңіске жетті. Одан соң Михаил Кукушкин Адриан Бодмерден айласын асырып, командасын 2:0 есебімен алға шығарды.
Жарыстың екінші күні жұптық кездесулер өтті. Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин жұбы швейцариялықтар Андреа Хуслера мен Лука Маргаролимен ойнады. Ойын 6:4, 6:4, 3:6, 6:7, 6:3 есебімен аяқталып, Қазақстан ұлттық құрамасы уақытынан бұрын жеңіске жетті.
Тағдыры шешіліп қойған доданың бұдан кейінгі екі ойыны жолдастық кездесу ретінде өтті десек те болады. Роман Хасанов қарсыласы Марк-Андреа Хуслерден екі партия қатарынан жеңілгеннен соң, ракеткасын тастай салды. Ал қорытынды матчта Дмитрий Попко Адриан Бодмерді ұтып, командасына екінші рет ұпай сыйлады.
Осылайша, тұңғыш рет Қазақстан Дэвис Кубогының ширек финалына жолдама алды. Ендігі қарсылас – Хорватия құрамасы. Бұл кездесу 6-8 сәуір күндері өтеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button