Жаңалықтар

Үздік вайнер анықталды

Астаналық Руслан Айткәрімов «Vine Fest» жас вайнерлер фестивалінің жеңімпазы атанды. Бұл фестиваль Халықаралық студенттер күні өткізілген болатын.

Елордада екінші жыл ұйымдасты­рылған шараның басты мақсаты – жаңашыл, шығармашыл жастарды қолдау. Бұл жолы байқауға қатысып, бақ сынағандар «Жастар саясаты», «Жас­тар дегеніміз кімдер?», «Астанаға 20 жыл» тақырыптарына қысқа метражды роликтер түсірді. Ал ақтық сынға жолдама алған 15 бейнероликті Нұрлан Батыров жетекшілік еткен қазылар алқасы бағалады.
Фестивальдің жеңімпазы 350 мың теңгеге ие болды. Ұйымдастырушылар екінші орынға – 250 мың теңге, үшінші орынға 150 мың теңге табыстады. Кеш қонақтары танымал тұлғалармен ес­те­лікке түсіп, табысты вайнерлердің қолтаңбасын алды. Сондай-ақ салтанатты рәсімде лотерея ойнатылып, жиналған жұрт отандық эстрада өкілдерінің ме­­ре­келік концертін тамашалады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button