Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

АСТАНА

«Билайн» компаниясының елор­дадағы тұтынушылары жел­тоқ­санда бір ай бойы автобус­та 1 теңге төлеп жүре алады. Ол үшін «Мой Билайн» қосымшасын ұялы телефонға жүктеп алу қажет. Бұл шара қа­ла маңына қатынайтын автобустарға қол­данылмайды.

АЛМАТЫ

Сәкен Сейфуллин көшесіндегі тер­­геу абақтысы жабылды. Өткен ға­сырдың 30-жылдарында салынған ғимарат қойылған талаптарға сәй­кес келмегенімен қатар, қаланың орта­лығындағы тұрғындардың өміріне қолайсыздық тудырып келген.

ШЫМКЕНТ

Қаланы жаңа жылдық безендіру шараларына биыл жергілікті бюджеттен 70 млн теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа «Арбатта» жаңа жылдық шырша орнатылып, безендіріледі. Сондай-ақ, қала көшелеріне әртүрлі шамдармен жағылған сәулеттік формалар қойылады.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Ақтөбелік кәсіпкер африкалық жа­йын өсіруді қолға алды. Ол үшін арнайы цех да­йындалған. Жылына 1,5 мың тонна өнім беруге қауқары бар цехта әзірге жа­йынның аналық түрлері ғана бар.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

«Жастар жылының» аясында Тұрар Рысқұлов ауданында ерекше жоба жүзеге асырылады. Малсақ 10 жас таң­­дап алынып, оларға бір отар қой, жа­йылымдық жер, жем-шөп беріледі. Жас шопандар мемлекеттен алған малды 1-2 жылдан кейін түліктің төлі есебінен қайтарады.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Өңірде қысқы және аңшылық туризмді дамыту қарқын алуда. Бұған себеп, облыс аумағында 110 туристік нысан бар. Өткен жылы солтүстікке Ресей, Қыр­ғызстан, Қытай, Германия, Түркия елдерінен 120 мыңға жуық турист бар­ған.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Түркістанда түркі әлемінің ор­та­лығы ашылады. Ол жерде күллі түр­кі дүниесінің ойшылдары мен ағар­­ту­шыларының, ғалымдарының ең­бектері қойылып, ғылыми жетіс­тіктері жұртқа көрсетіледі.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Қазыбек би ауданындағы 6 көше­нің атауы өзгерді. Жаңа атау­ларды қолдап, 200-ден аса қарағандылықтар дауыс берген. Бұрынғы Насыпной, Отвальной, Паровозный, Портовской, Пикетный, Пахотный деген көшелер енді Жағалау, Талды, Береке, Саяхат, Самал, Тұмар болып жаңарды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button