Sport

«Зенит»-тен зор шықты

«Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасы аясында Санкт-Петербургтен келген «Зенит» командасымен кездесіп, 87:64 есебімен басым түсті.

Қонақтар ойын басталысымен бірден алға ұмтылып, біраз сес көрсетпекші болды. Бірақ бұл әрекеттері сәтсіз шығып, елордалықтар қарсы шабуылда есеп ашты. Осылайша алға шыққан «Астана» мұнан кейін қарсыласқа дес бермей кетті. Айналдырған алты минуттың өзінде есеп 13:5-ке жетті.
Екінші кезеңде ойын қиындай түсті. Алаң иелері шабуыл ұйымдастыруда қателіктерге бой алдырды. Ұрымтал сәтте ұпайын түгендей білген «Зенит» бұл кезде таразы басын тең ұстады. Дегенмен қонақтардың осал тұсын біліп алған «Астана» қалған үшінші және төртінші кезеңдерде кем дегенде 10 ұпай артық жинап отырды. Осылайша, кездесу 87:64 есебімен аяқталды.
«Астана» сапынан Ике Удано, Энтони Клеммонс, Леонидас Каселакис және Джастин Картер секілді ойыншылар ең көп ұпай жинады. Енді «Астана» Ұлттық лига шеңберінде 14 ақпан күні «Сарыарқа» велотрегінде «Атырау барыстарын» қабылдайды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button