Қала мен Сала

Жалақысын көтеруді тапсырды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов энергетиктермен кездесіп, олардың жалақысын көтеруді тапсырды. Олардың қатарына «Астана-АЭК» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «Астана Теплотранзит» АҚ жұмысшылары, оның ішінде «Астана су арнасы» МКК мамандары кіреді. Қосымша сыйақы да берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап энергетиктердің жалақысы (барлық ведомстволық ұйымдар) артты. Қала әкімі қызметкерлерді Энергетиктер күнімен құттықтап, еңбек жағдайларын жүйелі түрде жақсарту қажеттігін атап өтті.

 

«Біздің климат – күрт континенталды, елордамыз – әлемдегі ең суық астаналардың бірі. Энергетиктердің тынбай еткен еңбегінің арқасында қалаға жылу, жарық, су үздіксіз келіп тұрады. Қыс айларында энергия көздеріне түсетін салмақ артады. Алтыншы турбинаны қосу бізге қосымша 120 МВт электр энергиясы мен жылыту үшін 180 гигакалория береді. ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қазандықтары газға ауыстырылды. Бұл шаралар энергия көздеріне салмақ түсірмеуге мүмкіндік береді.

Еңбек жағдайын жасау үшін биыл жалақыны жоспарлы түрде көтере бастадық, келесі 2021 жылы жалғастырамыз. Біз жұмысшыларымыздың еңбегін бағалаймыз! Еңбектеріңіз үшін рақмет! Энергетиктер күнімен құттықтаймын!» деді Алтай Көлгінов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button