Жаңалықтар

Қамқорлықсыз қалмайды

«Жас сарбаз» елордалық филиалының оқушылары елорда ардагерлері мен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты.

«Нұр-Сұлтандағы «Жас сарбаз» филиалы Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізуде. Сонымен қатар «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларына ыстық шай мен бауырсақ таратуда. Мұқтаждар тізімін алып, мұндай шараларды ай сайын өткіземіз. Алдағы уақытта да көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз» деді «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ елордалық филиалы төрағасы Асхат Налшыбек.

Ардагерлер жасарбаздықтарға алғысын жеткізді.

«Баршаңызға денсаулық, бақыт және жақсы өмір тілеймін. Ең бастысы – денсаулық. Денсаулық болса, бәрі болады. Жұмыс істеу керек. Біз соғыстан кейін өте көп жұмыс істедік, үміт етер адам болмады. Ұмытпағандарыңызға рақмет!» деді ҰОС ардагері Иван Тютюн.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button